ДИЕТАЛЫҚ әдіспен дайындалған ең дәмді ТЕФТЕЛИ

0
1 623

Асқазанға жеңіл әрі пайдалы тағам!


ДИЕТАЛЫҚ әдіспен дайындалған ең дәмді ТЕФТЕЛИ


Қажетті қоспалар:

  • 350 гр. тауық еті
  • 1 дана пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • 30 гр. күріш
  • 1 дана сәбіз
  • 250 мл қызанақ шырыны
  • 0,5 шай қасық прованс дәмдеуіші
  • 1 шай қасық тұз, бұрыш


Дайындау тәсілі:

  1. Ең әуелі тауық етін тазалап жуып алыңыз. Сосын кептіріп қойыңыз. Пияз бен сарымсақтың қабығын аршып, ірілеп турау керек. Етті де ірі көлемде турауға болады. Содан соң ет пен пиязды, сарымсақты еттартқыштан өткізіп аласыз.
  2. Пешті 180 градусқа қойып қыздыра берсеңіз болады.
  3. Сәбіздің қабығын аршып, үккіштен өткізіңіз. Сөйтіп фаршқа қосып, араластырасыз. Енді күрішті жартылай дайын болғанша қайнатасыз. Оны да фаршқа қосып, дәміне қарай тұз, бұрыш салу керек. Барлығын жақсылап араластырыңыз.
  4. Сулы қолмен фарштан тефтелилер жасап, формаға салып шығасыз.
  5. Қызанақ шырынын табаққа құйып, 2-3 минуттай қайнатып алған дұрыс. Сосын прованс дәмдеуішін қосып, тағы да тұз, бұрыш салып, тефтели салынған формаға құясыз.
  6. Енді форманы 180 градусқа қыздырылған пеште 30 минуттай ұстаймыз.
  7. Дайын тағамды ыстықтай дастарханға ұсына берсеңіз болады. Гарнир ретінде қайнатылған көкөністер мен картоп езбесін жасаңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДИЕТАНЫ соңына жеткізбейтін ЖАҒДАЙЛАР


Құлпынай диетасымен 4 күнде 4 келі салмақ тастайсыз