​РАМАЗАН айында не істеу керек?

0
3 863

Қасиетті Рамазан айы, қош келдің!


​РАМАЗАН айында не істеу керек?

фото: qazaly.kz

Мұсылмандар үшін қасиетті мереке саналатын, қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, оны абыроймен аяқтап, Ораза айтына жету. Бұл ұсылман қауымының дәстүрінде тойланатын ерекше мереке.

2023 жылы көктем айының 23-наурызынан бастап, 21-сәуірге дейін жалғасатын ислам дінінің Мұсылмандар күнді емес, ай күнтізбесін басшылыққа алады, сондықтан Ораза айт күні жыл сайын ауыстырылады. 2023 жылы ауыз ашу мерекесі 21 сәуірде тойланады, дәлірек айтсақ, 21 сәуірге қараған түні – жаңа айдың бірінші күні күн батқанда басталады.

Мұсылман елдерінде Ораза айты, сондай-ақ Құрбан айты демалыс күні болып табылады, ал кейбір елдерде ол бірнеше күн қатарынан тойланады.

Қадыр түні сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түні түседі. Ораза айты 21 сәуірге тұспа-тұс келеді. Ал, Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға сәйкес келеді.

Ораза халқымыздың діни дәстүріне айналды, бұл мереке адамдардың Аллаға жақындауын, адамдардың бір-біріне деген бауырмашылдығын, мейірімділігін арттыратын мереке. Ерекше асығып күтетін мұсылмандардың мейрамы.


фото: taunews.kz

Шығу тарихы

Ораза – мұсылмандардың ең көне мерекелерінің бірі.

Негізі бұл мерекенің шығу тарихы сонау Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарымыздың кезінен басталған. Яғни, 624 жылы. Ораза айт мерекесін тойлау дәстүрі араб халифаты дәуірінен бері исламның дамуымен бірге тарады. Осман империясы, Мысыр, Солтүстік Африка елдері, Ауғанстан, Пәкістан және басқа да елдерде Ораза айт мерекесіне арналған дастархан жайылды. Сонымен бірге ауызашар мейрамы суниттерге де, шейіттерге де бірдей маңызды. Суниттер Исламдағы ең ірі бағыт саналады. Олар әлемдегі мұсылмандардың шамамен 90 пайызын құрайды.


Пітір садақасы міндетті

Ораза айттың айналасында көптеген дәстүрлер бар. Оразаның басталуында адамдар бір-біріне «Ұстаған оразаң қабыл болсын!» деп Алла разылығы үшін ораза ұстаған адамдарға жақсылық тілейді.

Ораза кезіндегі өте маңызды дәстүр арнайы зекет беру. Бұл зекет Пітір садақасы. Мұсылман қауымының сол аймақтағы ең аз қамтылған адамдарға, ауру-сырқауларға, кедей-кепшіктерге, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға жіберетін азық-түлік немесе ақша да болуы мүмкін.

Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады. «Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттың қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады», - деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.


Ораза айт мерекесінің мәні

Ораза айт мерекесінде ортақ дәстүрлерден бөлек, бірқатар ережелерді сақтау керек. Мерекеге дайындық бір күн бұрын басталады. Мұсылман қауымы үйлері мен аулаларын жинап, мерекелік тағамдар дайындайды. Мереке қарсаңында мұсылмандар тазаланып, моншаға түсіп, ең жақсы киімдерін киіп, туыстарына, достарына, көршілеріне барып, айт мерекесімен құттықтайды. Сыйлықтар береді, қуанышты мерекеге айналдырады. Әрбір адам өмірден өткен жақындары болса, қабірінің басына барып, Құран бағыштайды немесе сол үйде марқұмның марқұм болғаннан кейінгі «алғашқы айты» деп жақын туыстары жиналып, оған дұға етеді.

Айт намазы оқылып, ерлер мешіттерге жиналып, Алла-Тағаладан жарылқау тілейді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«АМАЛ» мерекесі немесе «КӨРІСУ» күні қайдан шыққан?


КӨКТЕМ мезгілінде орындалатын ДӘСТҮРлерді білесіз бе?