​Шайға арналған тәтті күлше

0
4 059

Ауызда еритін өте нәзік әрі дәмді.


​Шайға арналған тәтті күлше


Қажетті қоспалар:

  • 1 л сүт
  • 1 стақан шекер
  • 2 ас қасық ұн
  • 3 ас қасық какао
  • 2 ас қасық крахмал
  • 1,5 гр. ванилин
  • 1 ас қасық сары май
  • 400 гр. күлше
  • 100 гр. жаңғақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен печеньеміздің кремін дайындап алайық. Ол үшін табаққа сүтті құйып, какао мен крахмал, ванилин мен сары майды салып, отқа қоямыз. Барлығын жай-жай араластырып, іртік болмауын қадағалаймыз.
  2. Қоспалары бар сүтті шанышқымен емес, венчикпен араластырып тұрсаңыз біркелкі масса шығады.
  3. Осылайша отта тұрған кремді қою қаймаққа айналғанша араластырамыз. Әбден қайнаған тәттіні күлшелерге құюды бастаймыз.
  4. Дүкеннен үгітілмелі күлше түрін сатып алып, әрбір печеньеге дайын кремді құйып шығамыз. Барлық крем құйылған күлшелерді бір ыдысқа салып, бетіне үгітілген жаңғақты себелейміз.
  5. Дайын печеньелерді енді мұздатқышқа салып қою керек. Кремі жақсылап қатып, күлше біраз салқындаған соң печеньелерді дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Балықтан ерекше котлет мәзірі


Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз