​Ірімшік қосылған бауырсақ-нан

0
1 708

Түріктің сақина тәріздес нандарына ұқсайтын бұл бауырсақ-нанды жасау өте оңай. Дәмі де керемет шығары сөзсіз. Ендеше балаларыңызға ерекше әрі дәмі тіл үйіретін бауырсақ-нандарды жасап беріңіз.


​Ірімшік қосылған бауырсақ-нан


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. сүзбе
  • 70 гр. ұн
  • 1 дана жұмыртқа
  • ½ шай қасық қамыр қопсытқыш
  • Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосуға болады.

Дайындалуы:

  1. Табаққа барлық қоспаларды салып, жақсылап араластырамыз. Қамыр өте жұмсақ болып шығуы керек.
  2. Табаға пергамент қағазын салып дайындап аламыз. Содан соң қолымызды майлаймыз немесе ұн жағып аламыз да, бауырсақ-нандарды жасай бастаймыз. Әуелі шұжық сияқты ұзынша қамыр жасап алып, сосын екі шетін біріктірсеңіз де болады.
  3. Дөңгелек бауырсақ-нандарды табаға салып, бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, мак немесе күнжіт себелеңіз.
  4. Пешті 180 градусқа қойып қыздырып, 20-30 минут бауырсақ-нандарды пісіріп аласыз.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Барлық пирогқа қолдануға болатын ӘМБЕБАП қамыр


Банан қосылған панкейк