ДӘМДІ ТАҒАМ: тауық етін сүтке бұқтырып пісіруге болады

0
886

​Жаңа жылдық дастарханның сәні мен үйге келген қонақтардың көңіл-күйін көтеретін тағам бұл – өте дәмді тауық еті.


ДӘМДІ ТАҒАМ: тауық етін сүтке бұқтырып пісіруге болады

Қажетті қоспалар:

  • 1 бүтін тауық
  • 600 мл сүт
  • 60 гр. сары май
  • 1-2 ас қасық өсімдік майы
  • 1 дана лимон
  • 5-6 тіс сарымсақ
  • тимьян немесе розмарин дәмдеуіші
  • 1 шай қасық даршын
  • Дәміне қарай тұз
  • Бұқтырмаға қосылатын түрлі көкөністер


Дайындалу тәсілі:

  1. Бүтін тауық етін тазалап жуып, барлық жеріне тұз себелеп жағып шығыңыз. Осылай тұзды 30 минуттай сіңдіру керек.
  2. Содан соң лимонды, тимьян мен розмарин дәмдеуіштерін де тазалап жуып алыңыз. Өткір пышақпен лимонның қабығын аршып алу керек.
  3. Енді қазанға немесе керамикалық кастрөлге өсімдік майын құйып, сары майды салып отқа қойыңыз. Май қызғаннан кейін тауықты салып қуырасыз. Осылайша тауықтың барлық жерін майға тигізіп, қызарта қуырып алу керек.
  4. Тауықты шанышқымен шаншып алып, тәрелкеге салыңыз. Енді пешті 180 градусқа қойып қыздырыңыз. Ал, осы уақытта тауықты қуырған майға сарымсақ пен лимон қабығын, тимьян мен розмаринді 3-5 минуттай қуырыңыз.
  5. Осы уқырманың үстіне сүтті құйып, шым-шым тұз салыңыз да, барлығын жақсылап араластырыңыз. Орташа отқа қойып, қайнатып, тауықты салыңыз. Сөйтіп ас қасықпен кастрөлдегі сүтті тауықтың барлық жеріне құйып шығасыз.
  6. Пісірмеге арналған ыдысқа тауықты салып, кастрөлдегі сүтті үстіне құямыз. Тауықтың бетіне суланған пергамент қағазын жабу керек.
  7. Осы тауықпен бірге көкөністерді салып пісіруге болады. Ол үшін картоп, сәбіз бен болгар бұрышын тазалап, ірі етіп турап, тауықтың жан-жағына салып жібереміз.
  8. 75 минуттан кейін пештен тауықты шығарып, пергамент қағазын алып тастап, қайтадан пешке саламыз. 20 минутта тауық та дайын болады.
  9. Өте дәмді әрі хош иісі бұрқыраған тауық етін үйге келген сыйлы қонаққа ұсынуға да болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Пекин қырыққабаты мен анар қосылған өте пайдалы салат


Тез дайындалатын тәтті штрудель