​Жаңа жыл қарсаңында бөліп төлеуді ресімдеу: артықшылықтары мен кемшіліктері

0
551

Кәсіпкерлер үшін кез келген мереке күндері, әсіресе Жаңа жыл қарсаңы сатудан жақсы кіріс алу үшін тиімді маусым болып табылады.


​Жаңа жыл қарсаңында бөліп төлеуді ресімдеу: артықшылықтары мен кемшіліктері

Биылғы жылдың соңғы күндері жаңа жылдық қарбалас шарықтау шегінде. Баршамыз жақындарымызға сыйлық дайындап, сыйлықтарымызды бөліп төлеуге ресімдейміз. Бөліп төлеу тауар немесе көрсетілетін қызметті бірден алып, ақысын кейінірек төлеуімен ыңғайлы, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ретте кез келген қарыз сияқты бөліп төлеудің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, дейді fingramota.kz.
Кәсіпкерлер үшін кез келген мереке күндері, әсіресе Жаңа жыл қарсаңы сатудан жақсы кіріс алу үшін тиімді маусым болып табылады. Адамдар өздеріне және жақындарына сыйлық сатып алып, алдағы демалыстарға дайындалады. Тұтынушылар қарыз алмай немесе депозиттегі ақшаны пайдаланбай, бірден үлкен соманы бермейтінін түсінсе, сатып алу туралы бірден шешім қабылдайды. Сондықтан бөліп төлеудің негізгі артықшылығы қымбат тауарды өзіңнің қаржылық жүктемеңді тепе-тең бөле отырып сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Сонымен бірге қағазда көптеген құжаттарды ресімдеп, банк кеңсесіне барудың қажеті жоқ – барлығы банк қосымшалары арқылы ресімделіп, бірнеше минут уақытты ғана алады.
Сонымен бірге егер сіз кезекті төлемді уақтылы енгізбесеңіз, бөліп төлеу автоматты түрде тұтынушылық кредитке айналатынын ұмытпаған жөн.
  • Бөліп төлеудің басты артықшылықтары:
  • пайыздар бойынша артық төлемнің болмауы;
  • қажетті сомасы болмай, көлемді және қымбат сатып алуды ресімдеу мүмкіндігі;
  • сатып алынатын тауарды бөліп төлеу ресімделген сәттен бастап пайдалануға болады;
  • қолайлылық – сізге құжат жинап, банкке жүгінудің қажеті жоқ, бәрі бірден қосымшада немесе онлайн-дүкенде жасалады;
  • бөліп төлеуді ресімдеген кезде кепілгерлер мен кепілдің қажеті жоқ;
кредит тарихы не есепке алынбайды, не ол бойынша талаптар тұтынушылық немесе ипотека бойынша талаптарға қарағанда едәуір төмен.
Бөліп төлеудің басты кемшіліктері:
  • сатушы тауар бағасын алдын ала көтеріп алып, содан кейін бөліп төлеп алуға ұсынатын жағдайлар болуы мүмкін;
  • бөліп төлеу үшін ай сайынғы жарна айтарлықтай болуы мүмкін – ол сатып алған затыңызға және сатушының талаптарына байланысты;
  • пайыз бойынша артық төлемнің болмауы жалған сезім туындатады, бөліп төлеу сатып алудың ыңғайлы тәсілі болып көрінеді. Бұл ақшаны оңды-солды жұмсауға әкеп соғуы мүмкін.
  • бөліп төлеу – бұл да кредит және оның мерзімін өткізсеңіз, айыппұл мен өсімпұл төлейсіз.