Жаңа Зеландияға ұшқан Boeing 787 кенеттен төмендеп, 50 адам зардап шекті

0
413

12 адам, оның ішінде экипаждың үш мүшесі ауруханаға жатқызылды.


Жаңа Зеландияға ұшқан Boeing 787 кенеттен төмендеп, 50 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Чилилік LATAM әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағының Тасман теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда кенеттен төмендеуі оқиғасы салдарынан кем дегенде 50 адам зардап шекті, деп жазады kaz.inform.kz.

12 адам, оның ішінде экипаждың үш мүшесі ауруханаға жатқызылды.



Сиднейден (Аустралия) Оклендке (Жаңа Зеландия) LA800 рейсін орындаған ұшақ техникалық ақау салдарынан 100 метрге «құлап кетті». Ақаудың дәл қандай болғаны туралы хабарланған жоқ.

«Адамдар қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан орындарынан селк ете түсті», - деді Жаңа Зеландия радиосына бір жолаушы.

«Кейбіреулер ауыр жарақат алды. Адамдар қатты қорықты», - деп растады тағы біреуі.

Әуе компаниясы ұшақтың жоспар бойынша Окленд әуежайына қонғанын хабарлады.

Қонған соң ұшаққа 10-нан астам жедел жәрдем келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.