Жаңа Зеландияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

0
650

Жерасты дүмпулері Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазында тіркелді.


Жаңа Зеландияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия "Габриэль" циклонына байланысты өз тарихында үшінші рет төтенше жағдай жариялады, деп жазады stan.kz.

АҚШ Геологиялық қызметі мен Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Жаңа Зеландия жағалауында магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазында тіркелді.

Зілзала ошағы Веллингтон аймағындағы Лоуэр Хатт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 79 км жерде, 74 км тереңдікте болған.

Жаңа Зеландияның Geonet қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалады.

Цунами қаупі, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тараған жоқ.