Зеленский Қырым көпірін қиратуға дайындалып жатқанын айтты

0
238

Немістің Bild газетіне берген сұхбатында Зеленский Киев жаңа қарсы шабуылды жоспарлап отырғанын айтты.


Зеленский Қырым көпірін қиратуға дайындалып жатқанын айтты

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский жаңа қарсы шабуылдың жоспарын дайындап жатқанын және бұған Қырым көпірін қиратуды қосқысы келетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Немістің Bild газетіне берген сұхбатында Зеленский Киев жаңа қарсы шабуылды жоспарлап отырғанын айтты. Журналистің бұған Қырым көпірін қирату кіре ме деген сұрағына Зеленский "иә" деп жауап берді.
"Біз мұны шынымен қалаймыз. Бұл бәрі айтып жатқан Керчь қаласындағы көпір ғана емес, бұл әскери мақсаттағы кейбір инфрақұрылымдық нысандар да, яғни, көпірлер, аэродромдар", - деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, әңгіме қару-жарақ тасымалданатын көпірлер мен Украинаға шабуыл жасайтын ұшақтар ұшатын аэродромдар туралы болып отыр.