Вакцина салдырғандарға 25 еуро төленеді

0
595

Өтемақыны Сербиядағы жасы 16-ға толған, мамырдың соңына дейін екпенің екі немесе 1 дозасын алған кез келген азамат ала алады.


Вакцина салдырғандарға 25 еуро төленеді

ERNUR.KZ. Сербияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 3 мың динардан, яғни 25 еуродан төленбек. Бұл туралы осы елдің президенті Александр Вучич жергілікті телеарнаның бірінде мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Өтемақыны елдегі жасы 16-ға толған, мамырдың соңына дейін екпенің екі немесе 1 дозасын алған кез келген азамат ала алады. Мемлект басшысының айтуынша, шешім халықты коронавирусқа қарсы екпе салдыруға ынталандыру үшін қабылданған.

Ал ресми дерекке сүйенсек, Сербияда қазірге дейін 1 миллионға жуық адам вакцинаның екі бірдей дозасын алған. Билік мамырдың соңына дейін 3 миллион халық егіледі деп үміттеніп отыр.