Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігер 18 жылға сотталды

0
462

Бір жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде аймақтағы үйлердің қирауына байланысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.


Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігер 18 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігері Мүслим Демирер 18 жыл 1,5 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inform.kz.

Бір жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде аймақтағы үйлердің қирауына байланысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.

Шанлыурфада бір үй құлап, 34 адам қаза тапқан болатын. Ғимараттың құрылысына жауаптылардың үшеуі жер сілкінісіне дейін қайтыс болған.

Бастапқыда сот Мүслим Демирерді 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Демирердің ұлы да жер сілкінісі кезінде үйлердің құлауынан қаза тапты. Сот осы мән-жайды ескеріп, мердігерге берілген мерзімді қысқартты. Прокурорлар мен марқұмдардың жақындары соттан Демирерге ең ауыр жаза тағайындауды сұраған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында эпицентрі Кахраманмарашта магнитудасы 7-ден асатын екі ірі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үйлерге қатысты іс бойынша 269 адам қамауға алынды. Жер сілкінісінен келген материалдық шығын екі триллион түрік лирасын (105 миллиард долларды) құрады.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.