Ташкентте Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдерінің дипломаттары бас қосады

0
318

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілдері аймақтағы және Таяу Шығыстағы әріптестерімен көлік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты талқылайды7


Ташкентте Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдерінің дипломаттары бас қосады

ERNUR.KZ. 15 сәуірде Ташкентте Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдерінің сыртқы істер министрлері бас қосады, деп жазады sputnik.kz.

"15 сәуірде Ташкентте "Орталық Азия – Парсы шығанағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі" стратегиялық диалогының сыртқы істер министрлерінің екінші отырысы өтеді", - делінген хабарламада.

Кездесуге Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, сондай-ақ Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясының делегациялары қатысады деп күтілуде.

Дипломаттар 2023 жылдың 19 шілдесінде Жидда қаласында өткен Стратегиялық диалогқа қатысушы мемлекет басшыларының бірінші саммитінің келісімдерін қалай жүзеге асырып жатқаны туралы ақпаратпен бөліседі.
Сондай-ақ олар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды, деп хабардады Өзбекстан сыртқы істер министрлігі.
"Сонымен қатар 2025 жылы Самарқандта өтетін "Орталық Азия – Парсы шығанағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі" форматындағы келесі саммитке дайындық мәселелері бойынша пікір алмасу болады", - деп толықтырды ведомстводағылар.
Шара қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдау жоспарлануда.