Солтүстік Корея жаңа ядролық қаруды сынап көрді

0
500

Оның миссиясы - су астында жасырын жүзу арқылы ауыр радиоактивті цунами тудырып, жаудың кемелер тобы мен портын жою.


Солтүстік Корея жаңа ядролық қаруды сынап көрді

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23 су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) мәлім етті, деп жазады inform.kz.

- 15 қаңтардан бастап үш күн бойы америкалық атом тасымалдаушысы Carl Vinson, көпфункционалды Aegis жауынгерлік жүйесімен жабдықталған Princeton крейсері, Жапонияның өзін-өзі қорғау отряды әскери-теңіз күштерінің кемелері мен Корея Республикасының әскери-теңіз күштері Чеджу аралының айналасындағы теңізде біріккен теңіз жаттығуларын қайта өткізді, - деді ЦТАК. — Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Шығыс теңізінің су айдынында әзірленіп жатқан "Хэил-5-23" ядролық қаруының суасты жүйесін сынақтан өткізді.

2023 жылдың 24 наурызында «Корея дауысы» радиосы КХДР 21-23 наурыз аралығында жарылыстан кейін радиоактивті цунами тудыруы мүмкін ядролық зарядты тасымалдауға қабілетті жаңа суасты қаруын сынақтан өткізгенін хабарлаған болатын.

Оның миссиясы - су астында жасырын жүзу арқылы ауыр радиоактивті цунами тудырып, жаудың кемелер тобы мен портын жою.