Шанхайдағы Disneyland COVID-19-ға байланысты жабылды

0
453

Компания Шанхайдың коронавирусқа қарсы талаптарын орындау керек екенін айтты.


Шанхайдағы Disneyland COVID-19-ға байланысты жабылды

ERNUR.KZ. Шанхайдағы Disneyland саябағы биыл үшінші рет қалада COVID-19 жұқтыру жағдайының көбеюіне байланысты жабылды, деп жазады tengrinews.kz.

Саябақ пен қонақүйлерді, сондай-ақ Disneytown және Wishing Star Park аймақтарын қамтитын Shanghai Disney Resort "уақытша жабылғаны" үшін кешірім сұрады.

Сонымен қатар, компания Шанхайдың коронавирусқа қарсы талаптарын орындау керек екенін айтты. Қайта ашылу күні әлі белгісіз, бірақ екі қонақүй - Shanghai Disneyland Hotel және Toy Story Hotel, сондай-ақ Wishing Star Park ашық болады.

"Бұл Шанхайдың туризм секторына тағы бір соққы. Қаланың туризм индустриясының жақын арада қалпына келуі екіталай", - деді Shanghai Yaheng халықаралық туристік агенттігінің бас директоры Ли Вэньцзе.