Сайлауға бармаған қырғызстандықтар айыппұл төлейді

0
423

Айыппұл көлемін 5 мың сом (25 763 теңге) көлемінде белгілеу ұсынылып отыр.


Сайлауға бармаған қырғызстандықтар айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Қырғызстан Жогорку Кенешінің комитеті азаматтарды сайлауда дауыс беруге міндеттейтін және азаматтық борышын орындамаған жағдайда айыппұл салатын заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады inform.kz.

Заң жобасына депутаттардың бірі бастамашылық еткен.

Аталмыш құжаттың негізгі мақсаты мен міндеті – Қырғыз Республикасы азаматтарының өз билігін сайлау мен референдумдарда дауыс беру арқылы жүзеге асыруы.

Конституциялық заң жобасы дәлелді себептері бар адамдарды қоспағанда, ел аумағында тұратын Қырғызстанның барлық азаматтарын ел Президенті мен Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауға қатысуға міндеттейтін норманы енгізуді көздейді.

Ұсынысты қолдаған депутаттар ел жастары сайлауға бармайтынын атап өтті.

Айыппұл көлемін 5 мың сом (25 763 теңге) көлемінде белгілеу ұсынылып отыр.