Ресейдің 22 өңірін су басты

0
727

Ресейдің Алтай өлкесін су басты.


Ресейдің 22 өңірін су басты

ERNUR.KZ. Өңірде табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп жазады 24.kz.



90 үй мен 600 жер телімі бүлінген. 10-ға жуық тасжол жабылды. Алтай өлкесінен бөлек, көрші елдің тағы 20-дан аса өңірінде көктемгі тасқынға қатысты жағдай қиын. Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды.



Бұдан бөлек, Саратов облысында да биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасқан. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты межеден 126%-ке жоғары боп тұр. Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен.