Ресейде белгілі кәсіпкер Александр Орловқа іздеу жарияланды

0
974

Бұған дейін Орлов қазақстандық мамандарды “кәсіби емес” атап, әлеуметтік желілерде жағымсыз пікір тудырған болатын.


Ресейде белгілі кәсіпкер Александр Орловқа іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы ірі мейрамхана холдингінің иесі ресейлік кәсіпкер Александр Орловқа Ресейде іздеу жарияланды, деп жазады stan.kz.

Мұндй ақпарат Ресейдің ішкі істер министрлігінің деректер базасында жарияланған.

Орловқа қылмыстық бап бойынша іздеу жарияланған, бірақ нақты қандай бап бойынша екені көрсетілмеген. Дегенмен ресейлік "Коммерсант" газеті кәсіпкерге қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 165-бабы (ұйымдасқан топпен аса ірі мүліктік залал келтіру) бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, Орлов 2022 жылдың басында Ресейден кетіп, сол жылдың тамыз айында өзінің үш ресейлік активіндегі 33,3% акциясын сатып жіберген.

Александр Орлов – Қазақстандағы Sun Group ірі мейрамхана холдингінің негізін қалаушы. Оның құрамына Manana, Ryba Pila, Dragonfly, More&More, Lou Lou, Toku, Queen және Orlovskie Bani мейрамханалары кіреді.

Бұған дейін Орлов қазақстандық мамандарды “кәсіби емес” атап, әлеуметтік желілерде жағымсыз пікір тудырған болатын. Ол өзінің желідегі жазбасында Орталық Азияда "білікті кадрларды табу қиын" деп, кәсіпкерлерге басқа елдерден кадрлар әкелуге кеңес беретінін жазған.