Пәкістанда жарылыс болып, бес полицей қаза тапты

0
584

Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.


Пәкістанда жарылыс болып, бес полицей қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Бажаур ауданында болған жарылыстан кемінде 5 бірдей полиция қызметкері қаза тауып, 10-ы жараланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, полиция көлігі жарылған.

Белгілі болғандай, полиомиелитке қарсы вакцина егу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылған.

Жергілікті басылысым төрт адам қаза тауып, тағы 20 адам жараланғанын мәлімдеген. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.