Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға тыйым салынады

0
1 128

Ауаны ластап жатқан нысандар керісінше жасыл желекті көбейтуге міндеттеледі.


Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға мораторий жариялануы мүмкін. Бұл туралы елдің экология министрі айтты. Оның сөзінше, осы өнімді шығаратын 47 зауыттың 23-і қазір жұмысын тоқтатқан, деп жазады zakon.kz.

25 кәсіпорынды тексеру кезінде олардың 90%-ның экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды.

Ауаны ластап жатқан нысандар керісінше жасыл желекті көбейтуге міндеттеледі.

Яғни, құрылыс материалдары мен энергия өндіруші кәсіпорындар, металлургиялық зауыттар аумағы 5 гектардан кем емес жерге ағаш отырғызуы тиіс.

Ташкентте ауаның сапасын көрсетіп тұратын арнайы мониторлар орнатылады.

Ауыр жүк көліктері мен шығарылғанына 10 жылдан асқан машиналардың жүруі шектеледі.

"Қала құрылысы мен жол қозғалысына жауапты барлық деңгейдегі басшылар "Жаяу жүргіншілерге арналған қала" ұранын басты қағида ретінде ұстануы тиіс. Бұл ретте қоғамдық көлікке басымдық берілсін. Ал автокөліктер тек сән-салтанатқа айналуы керек."Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан республикасының президенті