Лукашенко мен Путин біріккен әскери топтар құруға келісті

0
371

Александр Лукашенко Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммитінен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізгенін атап өтті.


Лукашенко мен Путин біріккен әскери топтар құруға келісті

ERNUR.KZ. Беларусь пен Ресей президенттері Александр Лукашенко мен Владимир Путин біріккен әскери топтар құруға келісті. Бұл туралы Лукашенко қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Александр Лукашенко Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммитінен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізгенін атап өтті.

"Одақтас мемлекеттің батыс шекараларындағы шиеленісуге байланысты Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы біріккен әскери топтар құруға уағдаластық. Мұның бәрі біздің құжаттар бойынша. Қауіп деңгейі қазіргідей деңгейге жетсе, біз одақтас мемлекеттердің әскери топтарын пайдалана бастаймыз. Бұл топтың негізі (мен бұл туралы әрдайым айтамын) - армия, Беларусь Республикасының Қарулы күштері", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, бұл әскери топтарды құру басталған.

"Менің ойымша, бұл екі күннен бері жалғасып жатыр. Осы әскери топтарды құруға тапсырма берілді", - деді Беларусь президенті.