Қырғызстанда саудагерлер митингке шықты

0
396

Кәсіпкерлер қиын жағдайда жұмыс істеп жатырмыз дейді.


Қырғызстанда саудагерлер митингке шықты

ERNUR.KZ. Қырғызстанда саудагерлер сауда патенттерін алып тастауға және кассалық аппараттарды қолдануға қарсы шеру өткізді, деп жазады zakon.kz.

Өткен аптада митингілер толқыны Бішкек пен облыстардың барлық дерлік ірі базарларын шарпыды. Саудагерлерде бір талап бар – саудаға патент қалдыру және бақылау-кассалық машиналарды қолданбау. Дегенмен ел билігі өз идеяларынан бас тартпайтынын айтады.

Кәсіпкерлер қиын жағдайда жұмыс істеп жатырмыз дейді. Мемлекет оларға ешқандай көмек көрсетпейді, бірақ қазір бақылау-кассалық машиналарды енгізбекші. Көптеген бизнесмендер оларды қалай пайдалану керектігін түсінбейді.

"Біз олардың патенттерін қалдыруын сұраймыз. Салық төлеуден бас тартпаймыз, бірақ есеппен салық басқармасына баруға уақыт жоқ. Жұмыс істейміз бе, сонда отыра береміз бе? Патенттерді қалдырыңдар, болды", - деді Дордой Моторс автобөлшектері нарығының кәсіпкерлері.

Әзірге "Бұлақ" базарларында, Қара-Балты, Таатан, Әзиз, Шынар базарлары мен дүкендеріндегі митингілер жүріп жатыр.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арнайы комиссия құрып, министрлер кабинетінің патенттің күшін жойып, бақылау-кассалық машиналарды енгізу туралы шешімі дұрыс па, саудагерлердің талаптары негізді ме, соны анықтауды тапсырған болатын.