Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның меншігіне өтті

0
466

Шенеунік олар ерікті түрде берілгенін атап өтті.


Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның меншігіне өтті

ERNUR.KZ. Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның пайдасына берілді. Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемагенттік директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Шенеунік олар ерікті түрде берілгенін атап өтті. Бұған дейін мүліктер құрықтау кезінде қаза тапқан Камчы Кольбаевқа тиесілі болған.

Оның айтуынша, сондай-ақ 38 жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне өткен, бұл ғимараттар мен жер телімдері, 15 акция мен кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлік құралдары.

"Бұл тәркіленген көліктер, ерікті түрде берілген және жобалар аяқталғаннан кейін халықаралық ұйымдардан алынған", - деді Медер Машиев.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Камчы Кольбаевтың 820-дан астам пәтері бар екенін, олар мемлекеттік ипотека арқылы қырғызстандықтарға берілетінін айтқан.