Ғалымдар COVID-19-дан тез жазылуға көмектесетін дәруменді атады

0
797

Мамандардың айтуынша, ауыр науқастарға күнделікті 6-дан 24 грамға дейін дәрумен салу оң нәтиже береді.


Ғалымдар COVID-19-дан тез жазылуға көмектесетін дәруменді атады

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, С дәруменін көктамырға енгізу коронавирус жұқтырған науқастартың жазылуын айтарлықтай жеделдетеді деген қорытындыға келді, деп жазады Tengrinews.kz.

Мамандардың айтуынша, ауыр науқастарға күнделікті 6-дан 24 грамға дейін дәрумен салу оң нәтиже береді.Тағы бір зерттеу COVID-19 жұқтырған адамдарға С витаминін бергеннен кейін сауығу жылдамдығы 70 пайызға артқанын көрсеткен.

COVID-19 жұқтырған науқастардың 80 пайызында қандағы С дәрумен деңгейі төмендейтіні айтылды. Тапшылықты толтыру қажеттілігін дәрігер Марсела Вискайчипи растады.

"Электролиттерді, микроэлементтерді және витаминдерді, оның ішінде С және Д витаминдер көрсеткішін қадағалау керек. Бұл клиникалық тәжірибеде стандарт болуы керек", - деді ол.