Альпі тауларында жоғалып кеткен алты шаңғышының бесеуі өлі табылды

0
446

Алтыншы шаңғышыны іздеу жұмысы жалғасып жатыр.


Альпі тауларында жоғалып кеткен алты шаңғышының бесеуі өлі табылды

ERNUR.KZ. Швейцарияның Альпі тауларында жоғалып кеткен алты шаңғышының бесеуінің денесі табылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл туралы Вале кантонының полициясы хабарлады.

"9 наурыздан бері Церматт-Аролла жаяу жүру бағытында іздестіріліп жатқан алты адамның бесеуі кешке (10 наурызда) өлі күйде табылды", - делінген полиция мәлімдемесінде.

Құрамында үш құтқарушы мен полицейден тұратын топ марқұмдардың денесін жергілікті уақыт бойынша сағат 21:20-да тапқаны атап өтілді.

Алтыншы шаңғышыны іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Айта кетсек, алты шаңғышы 9 наурыздан бері байланысқа шықпай қалған. Олар курорттық Церматт қаласынан тауға серуендеп қайтуға шыққан. Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындай түскен. Шаңғышылардың жоғалғаны туралы ақпарат түскеннен кейін оларды табу үшін барлық күш жұмылдырылды, соның ішінде техникалық құралдар да пайдаланылды.