Қазақстанның дрифт спортынан вице-чемпионы қаза тапты

0
337

16 жасында Анатолий автоспортта ересектермен тепе-тең қатысты.


Қазақстанның дрифт спортынан вице-чемпионы қаза тапты

ERNUR.KZ. Қыстық дрифт турнирлерін ұйымдастырушылар павлодарлық спортшылар Виталий мен Анатолий Кин Қарағанды маңында жол апатына түскенін хабарлады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы "Типичный Павлодар" Instagram парақшасы мәлім етті.

Толядан айырылып қалдық. Виталидің жағдайы ауыр, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 16 жасында Анатолий автоспортта ересектермен тепе-тең қатысты. Ал 13 жасында Виталий Киннің әкесі ұлына қыстық дрифтке арналған кәсіби көлік сатып берді. Сол кезден бастап ол чемпионаттарға қатыса бастады.

14 жасында Анатолий жазғы дрифте екінші орынға табан тіреп, Қазақстанның вице-чемпионы атанды.

Жас спортшы әлемдік деңгейге көтерілуді армандаған. Алайда ол қыршыннан кетті.