Ахметжан Есімовтің қызы қазақстандық олигархтар қатарына қосылды

0
315

Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингі жарияланды.


Ахметжан Есімовтің қызы қазақстандық олигархтар қатарына қосылды

ERNUR.KZ. Forbes Казахстан басылымы қазақстандық олигархтар тізімін жаңартты. 75 бай кәсіпкердің арасында 5 әйел бар, деп жазады stan.kz.

Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Бұл жолы еліміздегі 50 ауқатты адамның тізімі тағы 25 кәсіпкердің есімімен толықты.

Кейінгі екі жылда Қазақстандағы ірі кәсіпкерлік айтарлықтай қарқын алған.

Тізімдегілердің жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 миллиард доллар өсіп, 46,63 миллиард долларға жетті. Былтырғы 769 миллион доллармен салыстырғанда орташа көрсеткіш, болжам бойынша, 622 миллион долларға дейін төмендеді.

Айта кетейік, ең бай 75 қазақстандықтың арасында 5 әйел бар. Олар: Динара Құлыбаева, Дариға Назарбаева, Раушан Сағдиева, Айжан Есімова және Гауһар Қаппарова.

Айжан Есімова тізімде 44-орынға жайғасты. Оның дәулеті 207 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкердің байлығының басым бөлігі 2021 жылы британиялық Kazphosphate Limited компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен бірге (№15 рейтинг) акционері болған "Қазфосфат" ЖШС-ін сатудан түскен қаржыдан тұрады.

Сондай-ақ оның "Спорт Центр" ЖШС (KRIDA фитнес-клуб) және Петропавл нан-тоқаш зауытында акциялары бар.

Айжан Есімова Forbes рейтингінде 15-орында тұрған кәсіпкер Ғалымжан Есеновпен тұрмыста болған. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкер "First Heartland Securities" АҚ-ның 99,74%-ына иелік ету арқыл "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ның 79,63%-ын бақылайды. Сондай-ақ банктің тағы 20,11%-ы тікелей Ғалымжан Есеновке тиесілі. Кәсіпкердің Jusan Bank арқылы "Қазақтелекомда" АҚ-да 9,19% және "Кселлде" АҚ-да 9,08% (тағы 14,87% – жеке өзі) акциялары бар.

Айжан Есімова – Ахметжан Есімовтің қызы. 2017-2021 жылдар аралығында Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" қорының басқарма басшысы қызметін атқарған. Содан кейін ол Қазақстанның бұрынғы президентінің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.