​Үйіңіздің нөмірі қандай? Ол сіздің өміріңізге әсер етеді

0
1 211

Үйдің нөмірі ондағы өмірдің қандай болатынын, тұрғындардың неге дайын болуы керегін алдын ала болжауға көмектеседі.


​Үйіңіздің нөмірі қандай? Ол сіздің өміріңізге әсер етеді

Сандардың құпия мағыналары және тылсым күші бар екенін мойындайтындар аз. Дегенмен, оған сенетіндер мен өмірлік бағытын айқындауда қажетке жарататындар да жоқ емес.

Мәселен, нумерологтар мен нумерологияға сенетіндер баспана таңдау кезінде оның орналасқан жері, сапасы, жоспары, т.б. сипаттарымен қатар, нөміріне де ерекше мән береді. Өйткені, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің немесе үйдің нөмірі мұнда өмірдің қандай болатынын және тұрғындардың неге дайын болуы керегін алдын ала болжауға көмектеседі. Үй нөмірі ондағы бөлмелердің энергиясына да әсер етеді. Бұл оң немесе теріс әсер де болуы мүмкін. Сол себепті сандардың сырына қанық адамдар үй сатып алмас бұрын өздерін түрлі қауіптерден қорғауға тырысады. Олар сандардың мағынасын мұқият тексеріп, жылжымайтын мүлікті таңдауда үй мен пәтер нөмірлерін ескереді.

Бір қызығы, үй, пәтер және тіпті еден нөмірлерінің тербелісі өзара әрекеттеседі. Сондықтан нумерология тұрғысынан жалпы ақпаратты ескере отырып, мағыналарына мән беру артық болмайды. Пәтер нөмірі нені ескертеді – осы сұраққа қатысты нумеролог маманның жауабын ұсынамыз.

Тұрғын үйдің қандай энергетикаға ие екенін білу үшін ондағы сандарды бір-біріне қосып, бір цифрдан тұратын мәнді алу керек.

Бөлшек белгісі болса, оны алып тастаймыз.

Қосымша әріппен белгіленген болса, төменнен оның қай цифрға тең екенін айқындап алыңыз:

А, И, С – 1

Б, Т – 2

В, К, У – 3

Г, Л, Ф, Э – 4

Д, М, Х, Ю – 5

Е, Н, Ц, Я – 6

О, Ч – 7

Ж, П, Ш – 8

З, Р, Щ – 9

Сонымен, мысал ретінде есептеп көрелік: №2/1Г, 7-қабат, 189-пәтер –

2+1+4+7+1+8+9=32;3+2=5


Соңғы шыққан санға сәйкес сипаттама негізгі сұрағымызға жауап береді.

1 – Бұл баспана шығармашылық адамдары мен биік амбиция иелеріне арналған. Мұнда идеялар оңай жүзеге асады әрі күнделікті мәселелердің шешімін табуда да бірнеше оңтайлы нұсқалар қатты күш салмай-ақ табылады. Жақын арада балалы болуды жоспарлап жүрген немесе көпбалалы болуды қалайтын отбасылар «бірлік» үйге қоныс теппегені абзал.

2 – Жас отбасылар үшін таптырмас баспана. Себебі, бұл мекенде екілікке тән серіктестік, қолдау-қолпаштау энергетикасы бар. Сондай-ақ, әлі отбасын қрмаған жан осы үйге қоныстанса, көп ұзамай өмірлік серігін жолықтыруы әбден мүмкін.

3 – Қандай күрделі сұрақ не мәселе болсын, жауабы жедел табылып, шешімі тез қабылданатын пәтер. Мұның тиімді не тиімсіз болуы өзіңізге байланысты. Егер сіз асықпай, ұзақ ойланып барып шешім қабылдайтын адам болсаңыз, бұл үймен энергетикаңыз үйлеспейді. Ал жылдам ой қорытып, тез шешім қабылдайтын жан болсаңыз, өз орныңызды жаңылмай тапқаныңыз.

4 – Саяхатты, ұзақ сапарларды жақсы көретіндер үшін ең жақсы баспана. Төрт санының энергетикасы үйді иелері жоқ уақытта сырт көзден, ұры-қарының жаман теріс ниетінен сақтайды. Сонымен қатар, бұл үй өзінің тұрғынына ертеңгі күніне, өзіне деген сенімділік, жұмыс өнімділігін сыйлайды.

5 – Ғылым-білім саласында қызмет ететіндер үшін жайлы да оңтайлы баспана. Сондай-ақ, бестік энергетикасы сенімді серіктестер мен адал достар тартады.

6 – Көпшіл, қонақжай адамдарға арналған үй. Мұнда дастархан кеңінен жайылып, достар мен туыстар жиі бас қосып тұруы тиіс. Ондай жиындар болмаса, үйдің берекесі қашады. Шулы ортаны, қонақ күткенді жақсы көрмейтін болсаңыз, бұл үйден шаршайсыз.

7 – Уақыт көшіне ілесетін, жаңашылдықты тез қабылдай алатын, жаңа технологияларды қолданып көруге асығатын адамның үйі болуға тиіс. Иесі ескі көзқарастағы немесе технологиялар мен гаджеттерден алыс болса, бұл үйде тұрғанда ісі алға баспайды.

8 – Үй шаруасымен айналысқанды, ыңғайлы әрі жайлы мекен жасауды жақсы көретін адамдарға бұл үй жан тыныштығы мен жайлылық, гармония сыйлайды.

9 – Отбасы мүшелері тату-тәтті болса, үй де берекелі, мерекелі шаңырақ болады. Ал араздық, ұрыс-керіс жиі орын алса, «тоғыздықтың» теріс энергетикасы іске қосылып, түрлі қырсық шалып, күтпеген жағымсыз жағдайлар көп болады.


Сондай-ақ, нумерологтар үйдің нөмірі неше цифрдан тұратынына қарап та біраз ақпарат айта алады екен.

Бір таңбалы

Мәселен, 1 мен 9 аралығындағы бір таңбалы саннан тұрса, бұл үйдің трғындары өмірде көптеген қиындықтарға тап болатынын білдіреді. Бірақ үй иесінің оларды шешуге әрқашан күші мен уақыты болады. Нумерологтар оларға теріс энергия отбасылық қатынастарға әсер етпеуі үшін жақын адамдарыңыздың қолдауына жүгініңіз деп кеңес береді.

Екі таңбалы

Ал 11 мен 99 аралығындағы екі таңбалы нөмірлер үйдің қауіпсіз өрісін қорғайды. Бұл үйде тұратын отбасыда тәртіп, тазалық және сенімділік сақталса, үй де жайлы болады. Үйге өзіңізге қарағандай қараңыз – уақытында жөндеу жасаңыз, жиі желдетіп, тазалық жұмыстарын жасаңыз, теріс энергиясы бар адамдарды кіргізбеуге тырысыңыз.

Үш таңбалы

Үш саннан тұратын нөмір сіздің әлемге деген көзқарасыңызды қолдайды және оларды біршама күшейтеді. Үйіңіздің қорғанысын заманауи қауіпсіздік құралдарымен күшейткен жөн.

«0» болса...

Егер үйдің нөмірінде «0» саны болса, ол – бейтарап белгі саналатындықтан, ешқандай рөл ойнамайды. Мысалы, 10, 20, 30 сияқты нөмірлерді бір таңбалы, ал 105, 208, 310 сияқты үш таңбалыда кездессе, оны екі таңбалы нөмір деп аламыз.

Үйлер үшін «сәтті» және «сәтсіз» нөмірлер...

Нөмірінде 1, 3, 6, 8, 9 сандары бар тұрғын үйлерде теріс энергия көп деп саналады. Әсіресе, 33, 13, 131 және 313... дегендей қайталанып келетін болса, тіпті қауіпті. Мұндай үйде тұрмыстық мәселелер, тонаулар, өрт, т.с.с. жайсыз тосын жағдайлар жиі орын алады дейді нумерологтар.

Сәтті үй нөміріне құрамында 7, 5, 4, 2 сандары бар нөмірлер жатады. Мұндай үйдің тұрғындарында көршілермен келіспеушіліктер, тұрғын үй коммуникациясына немесе құжаттарға байланысты мәселелер өте аз болады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қандай адамның жанында өзіңізді жайлы сезінесіз?