Туған АЙЫҢЫЗға қарай МІНДЕТІҢІЗ БАР

0
790

Бұл айда туғандар әкесінің 50% міндетін өз мойнына алуға тиіс болады


Туған АЙЫҢЫЗға қарай МІНДЕТІҢІЗ БАР

Адамдар әртүрлі айларда дүниеге келеді, бұл – кездейсоқ уақыт емес.


ҚАҢТАР

Қаңтар айында әдетте өте тәжірибелі және көреген жандар дүниеге келеді. Олардың кармалық міндеті – бауырларына көмектесу. Өйткені бауырлары тым көп ғарыштық заңдарды бұзады және өздерінің кармалық міндеттерін өздігінен орындай алмайды. Сондықтан, қаңтарда туған болсаңыз, ағаңызбен, қарындасыңызбен жақсы қарым-қатынаста болу және оларға көмек керек болған кезде қол ұшын созу маңызды.


АҚПАН

Бұл айда туғандар ата-анасына емес, ата-әжесіне бала болу үшін дүниеге келеді. Олардың миссиясы – қарт кісілермен жақсы және сыйластық қарым-қатынас құруды және сақтауды үйрену, сол арқылы өзгелерге үлгі көрсету.


НАУРЫЗ

Наурызда туған жандар ата-ананың шешіміне тәуелді болмауды үйрену және басқаларға үйрету үшін келеді. Әдетте бұл міндетін орындау оңайға түспейді. Өйткені, көп жағдайда оларға өте қатал, үстемдік орнатқанды жақсы көретін ата-аналар кездеседі.


СӘУІР

Сәуірде дүниеге келгендер әкесінің 50% міндетін өз мойнына алуға тиіс болады. Бұл күнделікті өмір, тіршіліктегі жауапкершілік болуы мүмкін немесе әкенің кармасы болуы да ықтимал. Себебі, әкесі тым көп ғарыштық заңдарды бұзады және біреудің көмегінсіз міндеттерін, миссиясын арқалай алмайды. Осындай «қосымша жүкпен» туғандықтан, әкесін ештеңеге айыптамай, жақсы қарым-қатынас құру және жәрдем керек болған кезде аянып қалмауы маңызды.


МАМЫР

Мамыр айында туғандар да «сәуірліктер» секілді, қосымша жүкпен туғандар. Олар аналық карманың 50% өз мойнына алады. Ең бастысы, анасымен жақсы қарым-қатынаста болуға және ол қай кезде сұраса да, көмектесуге міндеттеледі. Себебі, анасы әдетте, тым көп ғарыштық заңдарды бұзады және баласының көмегінсіз өз міндеттерін атқара алмайды.


МАУСЫМ

«Маусымдықтардың» кармалық міндеті – отбасылық құндылықтарды құрметтеу және өзгелерге де насихаттау. Әдетте, маусымда дүниеге келгендер отбасын ерте құрады. Бірақ өкінішке орай олардың ыдырау ықтималдығы жоғары болады. Себебі, көп жағдайда жақсы қарым-қатынас құруға мүлде икемсіз жұп кездеседі. Миссияны орындаудың маңыздылығы да осында, тапсырмаларды дұрыс орындап, сынақтан сынбай өту керек.

ШІЛДЕ

Шілде айында туғандардың кармалық міндеті – өз әулетін басқа географияға тасымалдау болып табылады. Өйткені ата-бабасы тек бір геолокацияда тоқтап қалып, ұрпақтары тоқырауға ұшырауда. Сондықтан, басты міндеті – өзі басқа жаққа қоныс тебу емес, ата-анасын немесе жақын туыстарын көшіру.


ТАМЫЗ

Тамыз айында туған жанның міндеті – ата-анасын татуластыру. Олар әке мен шешенің арасындағы біріктіруші буынға айналуы керек. Себебі әке мен ананың бірге ұзақ, бақытты өмір сүруге мүмкіндігі аз, ал ажырасу ықтималдығы жоғары.


ҚЫРКҮЙЕК

Қыркүйекте дүнеге келгендер ата-бабасының ізін жалғау үшін жаралады. Әдетте, бұл отбасында талантты адамдар көп, бірақ бәрі оны кәсіби деңгейде шыңдап, көпшілікке паш етпейді. Әуесқойлық немесе хобби деңгейінде қалады. Ал қыркүйекте туған ұрпақтың бұл талантын жоғары кәсіби деңгейге көтеруге, ата-бабасының атын шығаруға әрқашан мүмкіндігі бар!


ҚАЗАН

Қазан айында туғандар отбасының қаржылық жағдайын көтеруге келеді. Қиындығы сол, оны өзі табуы керек. Егер жоғары жалақыға лайық қызметкер не табысты кәсіпкер болса, бұл өз еңбегінің жемісі болумен қатар, ата-баба энергиясының да жұмысы деген сөз. Осыны түсініп, табысын ысырап етпей, туыс-туғандарымен ризашылықпен бөлісуге, ұрпаққа мұра ретіне жинауға тиіс.


ҚАРАША

Қарашада дүние есігін ашқандар – күрескерлер. Күрессіз, оңай келген нәрсенің олар үшін мәні болмайды. Осы қасиетін конструктивтілікке бағыттап, алдына биік-биік мақсаттар қойып, соған үздіксіз ұмтылу үстінде боуға тиіс. Әйтпесе, әр күні айналасынан айқас, соғыс іздеуге айналып кетеді. «Қарашалықтар» көбіне әлеуметтік мамандықтарды, медицинаны, білім беруді, құқық қорғау қызметін таңдайды және бұл таңдауы – дұрыс.


ЖЕЛТОҚСАН

Желтоқсанда басқаларды тыңдай білетін жандар дүниеге келеді. Олардың өмірлік миссиясы – тыңдау, түсінумен қатар, өзгелерге де осы «тыңдай білу» дағдысын үйрету. Сондай-ақ әулетіндегі дау-жанжалды оңынан шешу, ымыраға келтіру, ренжіскен жақындарын татуластыру да мойнындағы бір міндеті.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

АСТРОЛОГИЯ: кімнен КЕҢЕС сұрап, СЫРЫҢДЫ кімге АЙТУ КЕРЕК