​Ең САРАҢ жұлдыз белгілері: олар кімдер?

0
2 098


​Ең САРАҢ жұлдыз белгілері: олар кімдер?


Ер-азаматтар арасында мына белгі аясында туғандарды астрологтар сараңдар қатарына жатқызады.

ТОРПАҚ

Олар сараң ғана емес, дүние-мүлікпен қоса, адамдарды да меншіктеп алып, жеке мүлкі ретінде қарайды. Адамдық құндылықтардан материалдық құндылықтың бәсін жоғары қояды. Алтын толы сандығы болса, аузына құлып салғанымен қоймай, астына басып отыруға бар.

Өзінің сән-салтанаты үшін аянбайды, қандай қымбат дүние болса да, қаражатын құрбан ете алады. Алайда жақындарына келгенде мұндай жомарттыққа жол бермейді.


ШАЯН

Астрологтар Шаяндардың сараңдығын отбасына қатты берілгендігімен байланыстырады. Олар өз отбасына тиісті дүниені қызғыштай қорып, жанұясының жайлылығын, жағдайын жасау үшін сыртқа шашау шығармай, бар тапқанын үйіне жұмсайды. Дос, туысқа тарлық көрсетіп жинаған тиыннан тебен құрап, болашақ үшін қаржылық қор жинайды.


ТАУЕШКІ

Олардың сараңдығы кез келген затты сатып аларда ең арзанын іздеп сабылуынан байқалады. Және аз ғана сомадағы жеңілдік үшін сағаттап саудаласуға бар. Бір жағынан бұл пысықтыққа, есептілікке де жатады. Әйткенмен, осындай есептесу әдетке айналып, отбасы мүшелеріне де теріс әсерін тигізіп жатады.

Мәселен, әйелінің шығынын азайту үшін оның ешқандай косметикалық құралсыз-ақ сұлу екеніне сендіріп, қолдануына тыйым салуы мүмкін. Ал балаларын ойыншықтан, қыдырудан «қысады». Осындай «керексіз» нәрселерден үнемдеуді жөн көреді.

Белгі иелері бұл әдетін сараңдық деп санамайды. Қаржыны тиімді жұмсау деп қабылдайды.


Ал нәзік жандылар арасында астрологтар атаған ең сараңдары мыналар.

САРЫШАЯН

Сарышаян әйелдер сән-салтанатты, бағалы бұйымдарды қатты жақсы көреді. Оларға қол жеткізу үшін бәріне барады. Егер қалағанын әперетін қалталы жақыны болса, содан сұрайды. Болмаса, барынша үнемділікті, сараңдықты іске қосып, өз қаражатынан қор жинап жеткізеді. Көңіліндегіні алмайынша досы үшін де, туысы үшін де, туғаны үшін де артық тиын шығармайды.

Бір жағынан, осындай үнемшілдігінің, есепке қаттылығының арқасында көбінде жетістікке жеткен кісі ретінде көрінеді. Әсіресе, жеке кәсіпте көп пайдасын тигізеді. Сондай-ақ, сауда-саттықта да олардан асып түсетін саудагерді табу қиын.


БИКЕШ

Кез келген істің шығыны аз, үнемді жолын іздеп жүретін жандар. Тіпті, отбасына азық-түлік алғанда да тек сапалы, ең маңызды өнімдерді алып, анау-мынау майда-шүйделер үшін шашыла бермейді. Балаларға тәтті, іш пысқанда ермек қылатын дегендей дәм түрлерін артық шығын санап, алмайды. Отбасы бюджетін қатаң бақылауда ұстайды.

Балалары қандай да бір затты сатып әперуді сұраса, алдымен оның қаншалықты қажет екенін, қандай мәселесін шешіп беретінін, маңызын түсіндіріп беруді талап етеді. Жауап көкейіне қонса ғана сатып әпереді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ