ДОС-ҚҰРБЫ ортасындағы ОРНЫҢЫЗ ҚАНДАЙ екенін білгіңіз келе ме?

0
5 142


ДОС-ҚҰРБЫ ортасындағы ОРНЫҢЫЗ ҚАНДАЙ екенін білгіңіз келе ме?

Бұл өмірде әр адам үшін туыс-туғанымен қатар, достың да ойып алар орны бар. Ал сіздің ше, достарыңыз арасындағы орныңыз, қадіріңіз қандай? Бұл сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, өз жұлдыз белгіңізге үңіліңіз.


Тоқты

Сізді достарыңыз (құрбыларыңыз) қиналғанда арқа сүйер асқар тау санайды. Ол негізсіз де емес. Расында, жақындарыңыз үшін дауылға да, жауынға да қарсы тұра алатын, оларға қауіпсіздік сыйлай алатын қасиетіңіз бағалауға лайық.


Торпақ

Қай дос-құрбыңыз болмасын, сізбен бірге жүрсе іші пыспайтынын біледі. Кімнің қандай бастамасы болса да қолдай кетесіз, ең қиын деген жағдайдың өзінен жақсы жағын, пайдалы тұсын тауып аласыз. Достарыңыз сізді осындай оптимистік көзқарасыңыз үшін жақсы көреді.


Егіздер

Сізді дос-жаран арасында «қиял» деп атайтынынан хабарыңыз бар шығар. Шынында да үнемі аспанда, ақ бұлттар арасында қалықтап, арман жетегінде жүретініңіз жасырын емес қой. Шабыт келсе, бәрін тастап, шығармашылықпен айналысып кететініңіз тағы бар. бірақ, бұл үшін достарыңыз сізді кінәламайды. Бар қалпыңызда қабылдайды. «Қиял» деген лақап атты да еш зілсіз, әзіл ретінде ғана қолданады.


Шаян

Өз ортаңыздағы қатар құрбыларыңыздың «анасы» болып кеткендейсіз. Бәріне көмектесуге, қамқорлық жасауға, ақыл-кеңес беруге қашанда әзірсіз. Қауіп-қатерден, қиындықтан алдын-ала сақтандырып, ескертіп жүретініңіз де көп дос-құрбыңызды орға жығылудан аман алып қалған.


Арыстан

Өз ортаңыздағы ең сауықшыл, сайраншылы – Сізсіз. Үнемі басқаларды көңіл көтеруге, демалуға, саяхаттауға шақырып, түрлі қызықты идея тастап жүресіз. Сіз болмасаңыз, шынында да достарыңыздың біразы үйкүшік болып кетер ме еді...


Бикеш

Өзіңіз ғана сәнді киініп қоймай, дос-құрбыларыңыздың да жарасымды киініп жүруіне көп көмегіңіз тиеді. Осы себептен көпшілігі дүкен аралауға сізбен шыққанды жақсы көреді. Соңғы сән үлгілерінен хабар алып, түстер мен пішін үйлесімі, дене бітімі жөнінде көптеген құнды кеңес алатынын біледі өйткені.

Таразы

Достарыңызды қандай жағдайда да қолдаусыз қалдырмайсыз. Құпиясын сыр сандықша сақтай алатын қасиетіңіз тағы бар. Осыны білетін жақын достарыңыз сырын бірінші болып сізбен бөлісуге асығады.


Сарышаян

Достарыңыздың көзінде сіз – жүрген бір «Асан қайғысыз». Оған себеп те жоқ емес. Расында түймедейді түйедей етіп, не болса соны сарыуайымға айналдырып, болмаған нәрсені болдырып, барлық нәрсенің соңын трагедияға апарып тірейсіз ғой. Бірақ, осы ерекшелігіңізді білетін жанашыр достарыңыз қолдау білдіруге, уайымыңызды сейілтіп, жақсылыққа сендіруге әрқашан әзір.


Мерген

Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, ойыңызға не алсаңыз, соны көп ұзамай іске асырасыз. Осы қасиетіңізді көп досыңыз өзіне үлгі тұтады, сізге қарап жігерленеді. Бір сөзбен айтқанда, мотиватор-доссыз.


Тауешкі

Тура бір жадыңыз – архив, мамандығыңыз – детектив секілді. Достарыңыз да сізді солай қабылдайды. Өйткені кім қай кезде не істеді, қай күні қандай оқиға орын алды – бәрін білесіз. Достарыңыздың қандай да бір нәрсесін еске түсіргеннен көрі, сізден сұрай салғанды оңай санайтыны сондықтан.


Суқұйғыш

Достарыңызды жиып алып, шәкірттеріне тәлім айтқан данышпан секілді құнды ойларыңызбен бөліскенді жақсы көресіз. Кейде оларға сұрақ қойып, жауабын да өзіңіз айтып отырасыз. Олар да іш пысқанда сіздің жаныңызда болса, айтарға сөз, талқылауға тақырып табылмай қалмайтынын жақсы біледі.


Балықтар

Сізді үйден сүйреп шығарудың өзі қиын. Үйкүшік жансыз. Бірақ, бір жақсысы, үйде қонақ күткенді жақсы көресіз. Дос-құрбыларыңыздың ойын-сауық кешіне, табиғат аясына шығуға, серуенге шақыру орнына, сіздің үйге жиналғанды жақсы көретіні сондықтан.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Есіміңіз НЕШЕ ӘРІПТЕН тұрады? Оның да ҚҰПИЯСЫ бар


Шетелдік қай автордың шығармасы жаныңызға жақын?