​11:11 – сағат тілінен осы сандарды жиі көрсеңіз...

0
6 702

Егер бір рет осылай тап болсаңыз, міндетті түрде тілек айтыңыз


​11:11 – сағат тілінен осы сандарды жиі көрсеңіз...

Электронды немесе смартфон экранындағы сағаттан 11:11 деген сандарға дәлме-дәл келіп қалатын кездер болады. Егер бір рет осылай тап болсаңыз, міндетті түрде тілек айтыңыз. Оның жақын арада орындалатынына сеніңіз. Ал сағат бетінен төрт бірдей бірлікті жиі көретін бослаңыз, тіптен жолым болды деп ойлай беріңіз. Себебі, нумерологтар бірыңғай бірліктердің жиі көзге түсуі адамға көптеген жақсылықтар сыйлайды дейді. Тек оны өмірде іске асыру үшін бірнеше дұрыс қадамды жасау керек екен.


Нумерология ілімі бойынша, 1 саны қашанда жаңа дүниелермен, жаңа бастамалармен не өмірдің жаңа сатысымен сипатталады. Ал оның бір емес, бірнеше рет қайталанып келуі жаңа өмірдің жақын екенін білдіреді. Сондықтан, бірнеше бірлік көзіңізге түсе берсе, арман-мақсат, жоспарларыңызды жүзеге асыруды бастап кеткен дұрыс.

Сонымен қатар, 1 санын нумерологтар рухани дүниелермен, шығармашылықпен, жаңа бастамашылдықпен, жалпы, жұмыста, оқуда, бизнесте немесе отбасылық өмірде табысқа жетуге көмектесетін барлық нәрселермен байланыстырады.


Сағат тілінен 11:11 деген көрсеткішті немесе телефон, тапсырыс не мекенжай нөмірлерінен 1111 сандарын жиі көретін жанның интуициясы өте жақсы дамыған болып келетіндіктен, олар үнемі ішкі даусын тыңдап, түйсігіне сенгені жөн.


1111 комбинациясын көрген сәтте ойыңызда кейбір сұрақтар мен алаңдаушылықтар болса, олар жайлы уайымдамауға болады, жақын арада оң шешімін табады. Дәл сол уақытта ойыңызда жаңа бастама идеясы жүрген болса, оны да қолға алудан қорықпаңыз. Өйткені, төрт бірлік – сіздің дұрыс жолда екеніңізді көрсететін белгі.


1111 – қарым-қатынас үшін...

Егер сіз белгілі бір адам туралы ойласаңыз және сол сәтте кездейсоқ төрт бірлік комбинациясын көрсеңіз, мұны «бағдаршамның жасыл түсі» деп қабылдауға болады. Яғни, бұл адаммен қандай да болсын қарым-қатынас құрсаңыз (махаббат, іскерлік немесе достық), ол өте жақсы дамиды деген сөз.


1111 энергиясын қалай іске қосу керек?

Интуицияңызға сеніңіз. Сіз бірліктердің комбинациясын байқағанда жай кездейсоқтық деп қоя саласыз ба? Келесі жолы өйтпеңіз, бұл ненің белгісі боулы мүмкін деп өз түйсігіңізден сұраңыз. Өз ойларыңызды тыңдаңыз. Ол көп жағдайда дұрыс жауапты айтады.


Әлемге ашық болыңыз. Әрине, белгілерге шамадан тыс сеніп кетуге де болмас. Басты нәтиже өз еңбегіңізге, өз-өзіңізбен тереңірек жұмыс істеуге байланысты. Дегенмен, тым жабық болып, айналадан беріліп тұрған мүмкіндіктерді байқамай қалудан, қолдана алмай қалудан сақ болыңыз.


Күтпеңіз, әрекет етіңіз. Егер сіз жай ғана сандардың сиқырына сенсеңіз, бірақ ештеңе жасамасаңыз, табысқа жетуіңіз екіталай. Сенім мен белсенді жұмысты біріктірсеңіз ғана бәрі ойдағыдай болады! Сіздің өміріңізде 1111 саны пайда болған кезде сәттілікке жету мүмкіндігі артады, бірақ ол сіз күш-жігер жұмсасаңыз ғана орын алады.

Есіңізде болсын: сандар Әлемнің сізге беретін белгілерінің бірі. Нумерология да астрология сияқты, көне болса да, өте дәл ғылым. Оларды байқаған сәтте ұмытып кете салмай, сәйкесінше әрекет етуге тырыссаңыз, өміріңізге оң ықпалын сезесіз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ОСЫ сұрақтың жауабын тапсаңыз, көп МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛЕДІ