​Алтын әшекей КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАТАДЫ - зерттеушілер

0
3 063

Бұл алтынды тағуға болмайды деген сөз емес, бірақ...


​Алтын әшекей КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАТАДЫ - зерттеушілер

Алтын ежелден келе жатқан бағалы, құнды, қажетті металдың бірі. Менделеев кестесіндегі барлық элемент ішінде алтын ғана ең құнды ақша орнына жүрген. Сонымен бірге ол сәндік бұйым ретінде, стомотологияда, тіпті телефон құрылғысы жұмысының жоғары тиімділігі үшін қолданылады.


Тарихи деректер

  • Алтын біздің планетамыздың барлық континентінде кездеседі.
  • Олимпиада алтындары 1912 жылға дейін таза алтын болған. Ал қазір оның 92 пайызы күмістен тұрады.
  • Әлемдік мұхиттарда 10 миллиард тонна алтын бар. Алайда оны алу мүмкін емес. Егер мұхиттың барлық алтынын өндіретін болса, онда әлемдегі әрбір адамға 4 кг алтыннан келер еді.
  • Қарапайым материалдарың алтынға айналуы «хризопеей» деп аталады.
  • Алтынның тазалығы каратпен өлшенеді. Карат термині айлауық дәнінен шыққан. Карат дәнмен белгіленеді. 1 дәннің салмағы 200мг. Алтынның салмағы 10, 12, 14, 18, 22 және 24 карат болады. Ең таза алтын 24 карат, бірақ оның құрамында аз мөлшерде мыс болады.
  • Таза алтын 999 сынамаға ие. Ол өте жұмсақ, тіпті тырнақпен сызат түсіруге болады. Сондықтан оны қатайту үшін күміс, мыс қосады.
  • Ең ежелгі алтын Болгарияда анықталған. Бұл адамдардың алтынды 6500 жыл алдын игере бастағанын көрсеткен.


Ғылыми деректер

  • «Алтын» сөзі ескі ағылшын тілінің «geolu» сөзінен шыққан. Мағынасы «сары» дегенді білдіреді
  • Жер сілкінісі кезінде жарылған жер ішіндегі су бүлінуі және бу болып алтын түзуі мүмкін.
  • Химия саласында алтын «Au» символымен белгіленетінін бәріміз білеміз. Ол латын тілінде aurum – «жарқын рауан», «таңғы шапақ» деген мағына береді.
  • Алтын тот баспайтын металл. Сондықтан оны ерітіп, тазартып қайта пайдаға асырады.
  • Құздамалық артритпен ауыратын кейбір жандарға қабынуды басу үшін сұйық алтын егіледі.


Алтын туралы қызықты деректер

  • 2010 жылы Абу-Дабиде әлемдегі алғашқы алтын сататын автомат пайда болды.
  • Адам баласы тапқан ең ірі таза алтынның салмағы 72 келі болған. Ол жердің беткі қабатына жақын жатқан және «Сәлем, бейтаныс» деген атауға ие болған.
  • Бір тонна ескі ұялы телефоннан бір тонна алтын рудасына қарағанда көбірек алтын алуға болады.
  • Аурофобия - алтыннан қорқу.
  • Үндінің үй шаруасындағы әйелдері бүкіл әлемдік алтынның шамамен 11 пайызына ие. Бұл АҚШ, Швейцария, Германия және Халықаралық Валюта қорынан көп.
  • Таза алтын теріні тітіркендірмейді. Көбіне өзге металмен араласқан кезде тітіркендіретін әсер береді.
  • Алтынды жеуге болады. Оны бағалы азықтар мен сусындарға мөлшермен қосады.
  • Адам ағзасында 0,2мг алтын болады.
  • Бір унция алтынды (28,35гр) 80 км жерге созуға болады.


Алтынның зияны бар ма?

Канадалық зерттеушілер алтыннан жасалған әшекей бұйымдардың адамды күйзеліске ұшырататынын дәлелдеген. Тәжірибе нәтижесі бойынша, теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болған.

Сондай-ақ алтын әшекейлер қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті. Бұйымдардың көздің жауын алып жарқырауы қояншық ауруының ұстамасына алып келеді.

Бұл алтынды тағуға болмайды деген сөз емес, тек түнде шешіп қою немесе артериялық қысымды төмендетуге көмектесетін күмісті таққан жөн.


Алтынды үй жағдайында тазарту

Кез келген алтын бұйым уақыт өте келе қараяды. Бұл алтын бұйым қатып тұруы үшін қосылатын қоспаларға байланысты. Мұнымен қатар, теріден бөлінетін заттар, ыдыс жуатын құралдардың қалдығы, косметика – бәрі алтын бұйымда қалып қояды.


Тіс пастасы

Ешқандай артық қосындысы жоқ тіс пастасын алыңыз. Өйткені, ағартатын әсері бар тіс пастасы металды сырып кетуі мүмкін. Түссіз гельге ұқсас түрі ыңғайлы.

  • Пастаны майлыққа жағып алып, алтынды сүртіңіз
  • Кейін ағып тұрған су астына жуып алыңыз
  • Микрофибра шүберекпен сүртіп кептіріңіз
  • 200 мл суға шай қасықтың ұшымен лимон қышқылын салып араластырыңыз
  • Алтын сырға, жүзік немесе алқаны ішіне 5-7 минутқа салып қою керек
  • бұйымдарды ағып тұрған судың астында жуып, кейін матамен сүртіп кептіріңіз.


Алтынды лимон қышқылымен тазалау

Бұл әдіспен сары және қызыл алтынды ғана тазалаған жөн. Ол үшін:

  • 200 мл суға шай қасықтың ұшымен лимон қышқылын салып араластырыңыз
  • алтын сырға, жүзік немесе алқаны ішіне 5-7 минутқа салып қою керек
  • бұйымдарды ағып тұрған судың астында жуып, кейін матамен сүртіп кептіріңіз.

Түрлі дереккөзден жинақтаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.