Түркістандық бадминтоншы Олимпиадаға жолдама алды

0
530

16 сәуір күні бадминтон бойынша Әлем рейтингі жаңартылды.


Түркістандық бадминтоншы Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстан құрамасының үздігі Дмитрий Панарин 2024 жылы қатысқан рейтингтік жарыстарында жоғары дәрежеде өнер көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бадминтоннан Қазақстан құрамасының үздігі Дмитрий Панарин 2024 жылы қатысқан рейтингтік жарыстарында жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Ол Индонезия, Иран, Әзербайжан, Малайзия, Уганда, Португалия, Қазақстан, Қытайда өткен халықаралық додалар мен Азия чемпионаттарында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, қомақты ұпай жинай білді.


Осындай байрақты додалардан кейін 16 сәуір күні бадминтон бойынша Әлем рейтингі жаңартылды. Жаңа рейтинг бойынша Түркістан облысының спортшысы, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі Дмитрий Панарин Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды.


Айта кетейік, Дмитрий – «Түркістан теннис клубының» шәкірті.