​Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

0
499

Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген.


​Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы – 1000 шаршы метрді құрайтын студенттер үйі 5 қабаттан тұрады. Ғимарат барлық заманауи талаптарға сай.

Жекеленген әр бөлмеде 2 және 4 адамнан тұрады, әр бөлмеде жеке санитарлық бұрышы мен душ бөлмесі бар. Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлермен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған. Оқу жылы бойында жатақханада университеттің филология, өнер және білім факультетінің білім алушылары орналасады.
Айта кетелік, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ бұған дейін де жастарға 4 бірдей студенттер үйін пайдалануға беріп, елімізде жатақханамен қамту мәселесі толығымен шешілген университеттердің бірі болатын. Ал, үшжақты келісім негізінде салынған жаңа жатақхана кәсіпкер Анарбекова Әсия арқылы жүзеге асып отыр.