Түркістанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өтті

0
774

Бұл күн 2005 жылы Будапештте бас конференцияда сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген.


Түркістанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған жиынға облыстық және қалалық аумақтық сайлау комиссиялары, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң профессор-оқытушылар құрамы, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен студенттер қатысты. Шара барысында облыстық, аумақтық сайлау комиссияларының үздік қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.


Жалпы елімізде Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрге айналған. Еске сала кетсек, бұл күн 2005 жылы Будапештте бас конференцияда сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген. Одан бөлек, барлық мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.