ТҮРКІСТАН: Жетісайда 60 отбасы баспаналы болды

0
249

Алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 60 отбасы баспаналы болды

Жетісай ауданында мереке қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында Жетісай ауданында 60 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.


Бес қабаттан тұратын үйлердегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері мен көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді.


Айта кетейік, аудан басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.