ТҮРКІСТАН: Түлкібастық спортшылар әлем чемпионатында топ жарды

0
992

Шашасына шаң жұқтырмай, жүлделі орындардан көрінді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық спортшылар әлем чемпионатында топ жарды

Хиуа қаласында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада түлкібастық спортшылар шашасына шаң жұқтырмай, жүлделі орындардан көрінді.


Атап айтқанда, Бауыржан Алпамысов 58 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Ришат Абдрахманов 40-49 жас аралығындағылар бәсекесінде алтыннан алқа тақты. Ал Жанәділ Мұхаммеджан 68 келі салмақ дәрежесінде 23 жасқа дейінгілер арасында үздіктер көшін бастаса, Нұртас Сағынғали 68 келіде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.


Сондай-ақ, Диас Ташен - өзгелерден оқ бойы озық болса, 95 келі салмақта Рүстем Алпамысов ересектер арасында 3 орынды еншіледі. Рамазан Усейн 58 келіде балалар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Мөлдір Амангелді 58 келіде қола жүлдені қанағат тұтты. Сонымен қатар, Мамырбек Сарсеқұл да 68 келі дәрежесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.