ТҮРКІСТАН: Төлебилік оқушылар халықаралық жарыста жүлдегер атанды

0
622

Түрлі есептердің шешімін калькулятордан жылдам тапқан оқушылар ақыл-ой жылдамдығымен көзге түсті.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік оқушылар халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Төлебилік оқушылар ментальді арифметикадан халықаралық жарыстың жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Баланың зейіні мен есте сақтау және шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға арналған ментальді арифметика бағдарламасы негізіндегі халықаралық жарыс наурыз айының 22-24 күндері аралығында Ташкент қаласында өткен болатын.


Төлеби ауданында 4-14 жас аралығындағы балалардың зияткерлік қабілетін дамытуға арналған ментальді арифметика бағдарламасы бойынша білім беретін «Серік» және «Genius» оқу орталықтарының 20 шәкірті олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.


Халықаралық жарыста түрлі есептердің шешімін калькулятордан жылдам тапқан төлебилік оқушылар көптен дараланып, ақыл-ой жылдамдығымен көзге түсті.