ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында жаңа әдіспен құлпынай өсіріледі

0
473

Мұнда 15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындар жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында жаңа әдіспен құлпынай өсіріледі

Сарыағаштық кәсіпкер жаңа әдіспен құлпынай өсіруді қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының оңтүстік аудандары егістік егуге қолайлы. Сондықтан бұл аудандардағы кәсіпкерлер соңғы жылдары жаңа әдістерді тиімді пайдаланып келеді. Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде кәсіпкер жаңа әдіспен құлпынай өсіруді қолға алған.


10 жылдық тәжірибесі бар жеке кәсіпкер Италия және Голландия елінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда жоба технологиясы бойынша құлпынайларды ашық далада тығыз орналастыру және тамшылатып суарудың автоматты жүйесі арқылы өсіру жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Мұнда 15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындар жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкердің айтуынша, 24 га аумақта өсірілуі жоспарланған құлпынай күннің нұрымен және арнайы тігілген көрпешелердің көмегімен жылытуды қажет етеді.


Аудан басшысы Арман Абдуллаев шаруашылық жұмыстарымен танысып, Тегісшіл ауылдық округі жаңа жұмыс орындарымен толығып келе жатқанын тілге тиек етті.