ТҮРКІСТАН: Облысты дамыту стратегиясының жобасы әзірленді

0
841

Осы бағыттағы жұмысты жүйеленетін болды.


ТҮРКІСТАН: Облысты дамыту стратегиясының жобасы әзірленді

«Түркістан облысының 2027 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының» жобасын талқылау бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Түркістан облысының 2027 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының» жобасын талқылау бойынша мәжіліс өтті. Жиында маңызды құжатты жетілдіру, индикаторларды орындау жолдары да сөз болды.


«Біздің алдымызда облысты дамыту, өндіріс орындарын ашу, өнімділікті арттыру, кірістерді көбейту міндеті тұр. Бұл тапсырманы орындау үшін қатал тәртіп, жүйелі жоспар қажет. Облыстың даму стратегиясы осы бағыттағы жұмыстарға серпін береді деп ойлаймын. Әрбір әкім, орынбасарлар, басқарма басшылары өздеріне бекітілген индикаторларды орындауы тиіс», – деді Дархан Сатыбалды.


Мәжілісте «Yevniy Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы серіктесі Арман Евниев пен серіктестері стратегияның маңызды тұстарына тоқталды. Сонымен бірге индикаторлардың орындалу барысы арнайы бағдарлама арқылы бақыланатынын жеткізді. Әрбір басшының, әрбір саланың индикаторлары тұрақты түрде зерделеніп, күн сайын сарапталып тұрмақ.


Жиында басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Облыс әкімі тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Осы бағыттағы жұмысты жүйеленетін болды.