ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс қаласы мен Отырар ауданында тұрғындармен кездеседі

0
1 124

Арыс қаласы және Отырар ауданы тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Арыс қаласы мен Отырар ауданында тұрғындармен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Арыс қаласы және Отырар ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 11 тамызда, сағат 10.00-де қалалық «Мәдениет үйі» ғимаратында (Ергөбек көшесі №178), ал, жеке қабылдауы сағат 11.00-де «Ардагерлер орталығы» ғимаратында (Д.Қонаев көшесі №3) өтетінін хабарлаймыз!


Сонымен қатар облыс әкімінің Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 11 тамызда сағат 15.00-де, ал, жеке қабылдауы сағат 16.00-де аудандық мәдениет сарайында (Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы №45үй) өтеді.


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533)-5-98-99, 5-79-83 байланыс телефоны және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2023 жылғы 10 тамызға дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты мен тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почтасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.