ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ана қамауға алынды

0
765

Кәмелет жасқа толмаған 2019 жылы туылған «Қ» есімді ұлы Шымкент қаласының «Мамандандырылған бөбектер үйіне», қалған 1 ұл, 4 қызы Шымкент қаласындағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығына уақытша орыналастырылды.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ана қамауға алынды

Жетісай ауданында өз перзенттеріне дұрыс қамқорлық көрсетпеген көпбалалы ана қамауға алынды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 2018 жылдан бері тұрған, ОҚО Мақтаарал аудандық сотының 2018 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған 1987 жылы туылған «Ж» есімді азаматшаға ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда, ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, асырауындағы жас балаларының 14 жасқа толмауына байланысты тағайындалған жазаның өтелуі 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылған.
Аталмыш істің орындалуын жүзеге асыру Жетісай аудандық пробация қызметі бөліміне келіп түскен.
Сотталған азаматша мен оның кәмелет жасына толмаған перзенттеріне пробациялық қызмет бөлімі тарапынан бірнеше рет әлеуметтік көмек көрсетіліп, сотталған азаматшаға жаза өтеудің ережелері мен талаптары толыққанды түсіндірілген.
Жазасын өтеу барысында азаматша «Ж» өзіне сотпен берілген мүмкіндікті, яғни, ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігінің талаптарын, атап айтқанда, асырауындағы жас балаларын қамқорлықпен тәрбиелеудің орнына, спирттік ішімдікке салынып, басқа қалаларға балаларын қараусыз қалдырып жаза өтеуден қасақана жалтарып жүргендігі, сонымен қатар, перзенттері үшін мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақыларын бас пайдасына жаратып келгендігі анықталған.
Салдарынан Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің 28.07.2020 жылғы қаулысымен кәмелет жасқа толмаған 2019 жылы туылған «Қ» есімді ұлы Шымкент қаласының «Мамандандырылған бөбектер үйіне», қалған 1 ұл, 4 қызы Шымкент қаласындағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығына уақытша орыналастырылды.
Пробация бақылауынан қасақана жалтарып, сот жүктеген міндентерді біле тұра орындамағаны үшін азаматша «Ж»-ға қатысты Жетісай аудандық сотының 12.10.2020 жылғы қаулысымен іздеу жарияланып, күзетпен ұстау бас шарасының негізінде Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторларының қатысуымен ұсталды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалған азаматшаның перзентеріне аналық қамқорлығын көрсетпей және жазадан қасақана жалтарғаны үшін, азаматша «Ж»-ға қатысты жазаны өтеуді кейiнге қалдырудың күшін жойып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiберу мәселесі Жетісай аудандық сотымен процестік шешім шығарылатын болады.