Қуандық Бишімбаев өзін қандай бап бойынша кінәлі деп есептейтінін айтты

0
184

Ол қасақана адам өлтіру бабы бойынша кінәлі емес екенін мәлімдеді


Қуандық Бишімбаев өзін қандай бап бойынша кінәлі деп есептейтінін айтты

ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаев соңғы сөзінде өзін Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша кінәлі деп есептейтінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Экс-министрдің ойынша, тергеуге халықтың наразылығы қатты әсер етті. Оған бірден аса қатыгездікпен қасақана адам өлтірді деген айып тағылды.
"Салтанаттың өліміне қатысым бар. Оның өліміне кінәлімін. Сол үшін жауап беруге дайынмын. Мен абайсызда өлімге әкеп соққан оның денсаулығына ауыр зиян келтіргенім (Қылмыстық кодекстің 106-бабы – Sputnik) үшін кінәлімін. Бірақ қасақана адам өлтіру бойынша кінәлі емеспін", - деді Бишімбаев.
Айта кетері, экс-министрге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр.
Олар:
99-бап, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
110-бап, 2-бөлігінің 1-тармағы – адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Бұл баптар бойынша ауыр жаза кесіледі, ал Бишімбаев айтып тұрған 106-бап бойынша сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.