ТҮРКІСТАН: Кәмелетке толмаған тұрғын бесінші сынып оқушысына зорлық жасаған

0
431

Аталған жайт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.


ТҮРКІСТАН: Кәмелетке толмаған тұрғын бесінші сынып оқушысына зорлық жасаған

иллюстрациялық фото

29 наурызда Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ұлына қатысты ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағанын хабарлаған, деп жазады ERNUR.KZ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК 121-бабы 3-1-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелген.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажетті іс-шараларды өткізді. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Аталған жайт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.