ТҮРКІСТАН: 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

0
1 334

Күдікті ізін суытпай ұсталған.


ТҮРКІСТАН: 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

Сарыағаш ауданындағы жағдайға қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұған дейін Сарыағаш ауданында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың денесі жергілікті тұрғынның үйінен табылғанын хабарлаған едік. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында жағдай тұрақты. Күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынған.


«Оқиға орнына Түркістан облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры мен облыстық полиция департаментінің бастығы, жедел-тергеу тобы шықты. Қазіргі уақытта тиісті іс-шаралар атқарылуда. Ауыл тұрғындарымен ақсақалдар, құзыретті органдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кездесу өткізді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Сонымен қатар азаматтардан тек ресми деректерге сүйенуді сұраймыз және жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.