Кентауда жалпыхалықтық сенбілік өтті

0
1 123

Аталған сенбілікке 400-ге жуық адам тартылып, 12 техника жұмылдырылды.


Кентауда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Кентаулықтар жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке« апталығында кентаулықтар жаппай сенбілікке шығып, қала тазалығына атсалысты.


Қаланы абаттандыру бойынша қала әкімі Жандос Тасов өзі бастап, аллеялардағы орындықтарды әрлеп, реттеу шараларын атқарды. Игі шараға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, барлық мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері қатысты.


Қала әкімі барша қала тұрғындарын қаланы көріктендіру бойынша әрбір тұрғын үй алаңын тазартуға, әрбір тұрғын өз ауласына талдар отырғызып, қала тазалығын сақтауда атсалысуға шақырды.


Аталған сенбілікке 400-ге жуық адам тартылып, 12 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, талдар әктеліп, ағаштар қырқылып, 25 көше қоқыстан тазартылды. Жалпы, 95 тоннаға жуық қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды.

Бөлісу