"ДІР-ДІР еткізіп": Жамбасын дірілдетіп билеген жігіттің қылығы көпке ұнамай қалды (видео)

0
2 141

"Ешбір қыз бұлай дірілдете алмайды"...


фото: желідегі видеодан скриншот

Тойдағы кезекті "кереметтің" бірі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр.

Бұл тойды басқалардан өзгешелігі сол, көпшілік жиында жамбасын ерекші дірілдете билеген жігіт көптің назарын өзіне аударып, оны видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желіде жарияланған бұл жігіттің әрекетін көпшілік құптап жатқан жоқ, дегенмен түсінуге тырысқандар да бар.

Желі қолданушыларының бірі "ешбір қыз бұлай дірілдете алмайды" деп таңданса, басқалары еркектің еркекше билеуі керек екенін алға тартып, масқара деп санауда. Енді бірі арнайы жаттыққан жігіт екенін айтады.

Десек те, жігіт расында жақсы жаттыққан секілді, кәнігі кәсіби бишілердей қимыл жасап, көпті биімен таңғалдыруда. Тіпті, тойға жиналған көптің бірі оған разы болғаны сондай, ақша да ұсынады.