Болашақ жарыңыздың қандай екенін даусына қарап білуге болады

0
1 173


Болашақ жарыңыздың қандай екенін даусына қарап білуге болады

Біздің даусымыз – визит картамыз іспеттес. Халықаралық ғалымдардан құралған команда дауыс ырғағының айналаға әсер ету құпиясын зерттеген. Зерттеуге әлемнің 22 елінен 2647 адам қатысқан. Олар бір сөздің (шетелдік классикадан алынған) ер мен әйелдің айтуында қалай естілетінін бағалау керек болған. Бұл дауыс компьютерде өңделіп, жай, созылыңқы, қаттырақ айтылған. Нәтижесінде сөзді оқудың 12 нұсқасы пайда болған. Түрлі нұсқаны тыңдаған қатысушылар мына сұрақтарға жауап берген:

  • Қай дауыс салмақты шықты?
  • Қай дауыс иесіне жүрегіңізді ұсынар едіңіз немесе отбасын құратын едіңіз?
  • Қай дауыс айбарлы және дауыс иесінің күшті екенін білдірді?
  • Қай дауыс тартымды?

Қатысушылардың жауаптарын сараптай келе ғалымдар бірнеше күтпеген қорытындыға келген. Зерттеушілер, еркектің бәсең дауыспен сөйлеуі екі артықшылықты біріктіреді деген сенімде. Бірінші – ер азаматтардың сыйластығын тудырса, екінші – әйелдің сенімін оятады. Яғни, бәсең дауыста сөйлеген ер азаматты өзге еркектер сыйласа, әйелдер қауымы нағыз күйеу болатын адам деп таниды. Әйелдер қауымы дәрежесі жоғары ер азаматтарды таңдағысы келеді. Жуан, ащы дауыс – ер азаматтың тестестероны жоғары дәрежеде екенін білдіреді. Алайда зерттеу нәтижелері дәл осындай азаматтардың жиі жүріс жасайтынын анықтаған. Мұның себебі сол тестестеронның жоғары болуында.


Негізі адамды бетпе-бет кездесіп, көрген кезде қандай жан екенін танып-білуге мүмкіндік көп. Ал, қазіргі техника дамыған заманда көбіне бірінші телефон арқылы сөйлесіп, танысып жатады. Дауыс арқылы адамның мінезі қандай екенін болжау қиын. Дегенмен, ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде дауыс арқылы қандай жан екенін шамалауға болады.


Өзіне сенімді жан

Ғалымдар жүргізген тест нәтижесі өзіне сенімді адамдар жұмсақ, анық, қажет жерде үзіліс жасап сөйлейтінін көрсеткен. Орташа екпінде сөйлейді.


Көшбасшылық қасиет

Сауатты, қаттырақ сөйлейтін жандар басқаларға қарағанда көбіне көшбасшылық қасиетке ие келеді. Ондай жандарды көбіне тыңдап, ізімен жүруге тырысады.


Қызба мінезді

Егер ғалымдарға сенетін болсақ, аяғы айқайға ұласатын жоғары дауыс иелері, өмірде қызба мінезді, эмоцияға берілгіш келеді. Сабырлық пен ойланып шешім қабылдау мұндай дауыс иелеріне тән емес. Егер сізге байсалды, сабырлы жан керек болса, онда жай, бірақ нық сөйлейтін дауыс иесін іздегеніңіз жөн.


Қатты, дауыстап сөйлеу

Даусы қатты шығатын адамдар болып жатқан жағдай мен адамдарды бақылауда ұстауға тырысады. Сол себепті өзгелерден басым түсу үшін қаттырақ сөйлейді. Қатты сөйлеген жандар көбіне әңгіме айтып жатқан адамның сөзін бөле беруге алып келеді. Бұл эгоизм мен тәрбиесіздік белгісі. Негізі көп жандар қатты дауысты сенімділікпен байланыстырып жатады. Бірақ бұл дұрыс емес. Себебі көбіне өзіне назар аудартқысы келгендер қатты дауыстап сөйлейді.


Өтірік сөйлеу

Өтірікті көп айтатын адамның дауында шамалы діріл және айнымалы болады. Сонымен бірге дауыс ырғағы үнемі өзгеріп тұрады.

Егер телефонның арғы жағындағы адам эмоциясыз сөйлесе, оған менің сөзім қызықсыз деп ойламаңыз. Себебі осындай жандар сырыңызды жақсы сақтайды, қажет кезде көмекке келуге даяр тұрады.

Сөйлеген кезде эмоцияның болмауы – сөзден гөрі істі көбірек бағалайтын жан екенін білдіреді.


Жылдам сөйлеу

Кейбір жандар өте жылдам сөйлейді. Мұндай жандар көбіне белсенді келеді және ойланбастан шешім қабылдай салады. Ал кей кезде тез сөйлеу сенімсіздік белгісі. Яғни, өзін төмен бағалап, өзіне сенімсіз болу.


Қулыққа бейім

Инабаттылық, сыпайылық және жағымпаздана сөйлеу көңілге сенім ұялататыны сөзсіз. Алайда, бұл алдамшы әсер болуы мүмкін. Мәймөңкелеп сөйлейтін жандар бір нәрсе қажет кезде әдейі осылай жасайды. Бұл ашық ойды айту емес, жай қулық тәсілі.


Сырт келбет

Әдемі дауыстың иесі керемет келбетке ие деген пікір бар. Алайда, бұл мүлде шындыққа жанаспайды. Көптеген зерттеулер сырт келбет пен әдемі дауыстың бір-біріне мүлде қатысы жоқ екенін көрсеткен. Ал, дауыс ырғағы мен физкалық күш арасында байланыс бар. Жуан дауысты ер азамат көбіне физикалық күшті болып келеді.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.