​«Әйелімнің жеке өмірінде шатағым жоқ»: әнші Серікбол Сайлаубек ажырасуының себебін ашып айтты

0
4 514

«3-4 жыл көзім көрмей, су қараңғыда өмір сүрдім»


​«Әйелімнің жеке өмірінде шатағым жоқ»: әнші Серікбол Сайлаубек ажырасуының себебін ашып айтты


Көпшілікке «Ой, жеңге» әнімен танылған әнші Серікбол Сайлаубек журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, жеке өмірі, шығармашылығы жайлы айтты.


- Сіз қаламайтын, жауап бергіңіз келмейтін сұрақ бар ма?

- Жеке өмірім жайлы айтқым келмейді. Оған қатысты әртүрлі жағдай бар. Сондықтан да отбасыма қатысты сұраққа жауап бергім келмейді. Қалғанының бәрі жақсы.


- Қайта-қайта қойылатын қай сұрақ қандай?

- Сол баяғы көзілдірігіме қатысты шығар. Тойға барғанда кейбіреуі білмей «түн ғой, қара көзілдірікті неге киіп алғансың» деп сұрайды. Арасында дұрыс сөйлемей, кекетіп, артынан кешірім сұрап жатады. Ондайларға ренжуге болмайды, ондайларды аяу керек, «дамымай қалған ғой» деп.

2013-2014 жылдар менің шығармашылығымның шарықтау кезеңі болды. Қалыптасуым 2009-2010 жылдар деп айтар едім. Ал соңғы 3-4 жыл көзім соқыр боп қалғанда, көзіммен алыстым. Өнерден алыстап кеттім. Бәлкім сол менің шығармашылығымның құлдыраған кезеңі болар.


- Әкеңіздің Құдайдан сұрап алған ұлысыз. Бірақ ол кісі өмірден ерте кетіпті. Егер тірі болса не айтар едіңіз, қай тақырыпта сөйлескіңіз келеді?

- Не жайлы сөйлесетінімді білмеймін. Тақырып жоқ. Бір жолы маған «Түс көрдім. Түсімде таудың үстінде тұр екенсің... Сенің концертіңде алдыңғы қатарда отырсам. Мақтанып, «мынау менің балам» деп айтсам» деп айтты. Шүкір, әкемнің арманын орындап, әнші болдым. Бірақ соны әкем көре алмай кетті. Бірі кем дүние. Әкем тірі кезде менің авторлық әндерім де болмады. Ескі әндерді айтып жүргенімді көрді.


- Әкеңіз сияқты сіздің де Құдайдан сұрап алған ұлыңыз бар ма?

- Жоқ, бастары аман, дендері сау болсын. Оларды көп көрмеймін де. Квартирант сияқтымын. Себебі соларды асырау үшін үйде көп болмаймын. Құдай бір жағынан береді екен де, бір жағынан алады екен. Любой нәрсенің екінші жағы болады. Әншілік, өнер, табыс келгенімен, балаларға уақыт бөле алмайсың. Балаларыммен әңгімелесемін, бірақ сырласуымыз сирек. Олардың әкесі де, шешесі де телефон боп кетті ғой. Соған сырын ашады. Заман солай.


- Төрт балаңыз бір үйде тұра ма?

- Үлкенім апасының баласы, мамамның қолында. Үшеуі әйеліммен бірге тұрады.


- Жеңгемізді неге жіберіп алдыңыз?

- Енді, әншінің әйелі болу оңай емес қой. Өзінің таңдауы солай болды. Қызғанады, мен сияқты жігітті қалай қызғанбайсың мысалы? Оны да түсінуге болады. Ажырасқаныма 4-5жыл боп қалды. Көз ауырғаннан кейін болды бәрі. Көзім кәдімгідей көрмей қалды, мүгедектіктің екінші группасына ауысып кеттік. Сол көзбен алысып, әлек боп кеттім. Машина айдаудан қалдым, той-томалақта алдымнан шыққан адамдарды көрмей, амандаспай өтіп кететін жағдайға жеттім. Сонда көбісі ренжіп жатты. Әйелім бәлкім сол сәтте қолдау білдіріп, түсінуі керек пе еді? Өз-өзіммен алысып, арпалысып жүргенде бір жағыма шығыспады.


- Көздің көрмеуі, жеңгеміздің кетуі, осының бәрі Серікболға қалай әсер етті?

- Енді бұл сынақ қой. Көтере алатын болғасын берген шығар. Ертең анау дүниеге барғанда осы сынақтың бір жеңілдігі болатын шығар. Мен соны түсіндім. Әсіресе көзден кеткенде өмірдің тым қысқа, қас қағым сәтте бәрін жоғалтып алуға болатынын түсіндім. Көзің көрмегесін тірі өлік болады екенсің, былай қарасаң. Естіп отырасың, бірақ мынау жарық дүниені көрмейсің. Екі ортада қалып қойғандай сезіндім. Атағың да, дүниең де, бәрі бекер екенін ұғасың. Мысалы, көзі ашық адамға 5-6 күн деген зу етіп өте шығады, ал қараңғыда қалған адам үшін бұл ұзақ уақыт боп көрінеді екен.

Осындай кезде «поддержка» бермей, бәрі жақсы болғанда қайта келген дұрыс емес. Сол себепті әйеліме «болды, осымен қоя салайық» деп өзім айттым. Себебі менің де намысым, ел ішінде кішігірім абыройым бар. Қазір ол кісінің өмірінде шатағым жоқ. Бірақ балаларыма жиі барып тұрам, араласамыз, бірге қыдырамыз. Кәдімгідей әке боп жүрмін. Ажырасты дегеніміз болмаса, араласып тұрамыз. Шайын ішіп, тамағын жеп тұрам. Оған ешқандай ренішім жоқ. Бәрі карантин кезінде болды, бәлкім тұрмыстың бітпейтін күйбең тіршілігінен шаршап, қажып, басқа өмірді аңсаған шығар. Бөтен адамы емеспін, қолымнан келгенше поддержкамды беріп тұрам.


- Кімдермен шығармашылық байланыстасыз?

- Аргония бар, Қайрат досым бар. Біраз адаммен араласып тұрамыз. Осы жақында ғана Қайраттың үйінде болып, ол мені Алматыға шығарып салды. Досым ғой менің, қандай өтініш айтсам да жоқ демейді.


- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты «Ютуб» арнасынан ықшамдап жазған С. Кенжалиева.