Таиландта өткен ауыр атлетикадан әлем кубогында қазақстандық ауыр атлет жеңіске жетті

0
568

Сергей Петрович – Қазақстаннан олимпиадаға жолдама алған жалғыз үміткер.


Таиландта өткен ауыр атлетикадан әлем кубогында қазақстандық ауыр атлет жеңіске жетті

ERNUR.KZ. 5 сәуірде қазақстандық Сергей Петрович ауыр атлетикадан Пхукетте өткен лицензиялық әлем кубогының "С" тобының жеңімпазы атанды, деп жазады stan.kz.

Сергей Петрович – Қазақстаннан олимпиадаға жолдама алған жалғыз үміткер. Жұлқа көтеруде Сергей С топтағы қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетіп, 167 келіні көтерді. Серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша барлығы 363 келіні бағындырды.

Топта екінші орынды кубалық Олфидес Саез (160+200 келі) алды. Үшінші орын қырғызстандық спортшы Эмиль Молдодосовқа (160+187) бұйырды.

"Сергей 100 пайыз дауыс беріп, топта жеңіске жетті. Алайда бұл салмақтағы басқа қатысушылар 6 сәуірде бақ сынайды. Негізгі бәсекелестер Оңтүстік Корея мен Иран спортшылары”, – деп мәлімдеді ауыр атлетикадан Қазақстандағы ҰҚК ерлер арасындағы бас бапкер Дәурен Бекмұханбетов.